Шыңғыстау шынары

Әкемнің мен білетін, басылған шығармалары:

 

1. «Мұсылмандық». Жас кезінде жазылып, 1911 жылы Орынборда бастырған.

2. «Түрік, Қырғыз, Қазақ һәм хандар шежіресі», 19 жасынан жинастыра жүріп, 1911 жылы Орынборда бастырған.

3. «Қазақ айнасы». 1-бөлім (өлеңдер) 1878 бен 1904 жылдарда жазылған. 1912 жылы Семейде бастырған.

4.«Қалқаман – Мамыр» (поэма). 1888 жылы жазылып, 1912 жылы Семейде бастырған.

5. «Еңлік – Кебек» (поэма) 1891 жылы жазылып, 1912 жылы Семейде бастырған.

6. «Дубровский» (поэма, Пушкиннен). 1908 жылы жазылып, 1924 жылы Семейде басылған.

7. «Ләйлі – Мәжнүн» (поэма Физулидан). 1907 жылы жазылған Мұхтар Әуезов араб әрпімен Ташкентте журналға бастырған. Екінші рет Сәкен Сейфуллин латын әрпімен кітапша етіп, 1934 жылы Алматыда бастырған.

8. Ерте кездегі газеттерде, журналдарда басылған өлеңдері, қара сөздері бар.

9. «Боран» (поэма, Пушкиннен) ертеректе жазылған. 1936 жылы Алматыда журналға басылған.

10. «Шын бақ айнасы». Әңгіме. 1918 жылы «Абай» журналының 4 нөмірінде басылған.

11. «Ұлтшылдық туралы». Әңгіме, 1918 жылы «Абай» журналының 3-нөмірінде басылған.

12. «9 бет бәйіт» (араб, фарсы, түрік тілдерінде аралас жазылған). «Дума» деген поэмасы ертерек, 1904 жылдар шамасында жазылып, Қазанға жіберіліп, цензурадан өтпеді деп хабарланған.

13. «Шыны бақ» (Ұзақ әңгіме).

14. «Нартайлақ – Айсұлу» (поэма).

15. «Әділ – Мария» (роман).

16. «Галилей» (ұзақ әңгіме).

17. «Қазақ айнасы» (2-бөлім, әңгіме).

18. Өзінің әндерімен жазылған пьесасы.

19.Қызылордаға жіберілген 8-шығармасы. Мұнда Ақан сері жайлы және, «Шыны бақ» атты пьесасы, тағы басқа әңгіме, өлеңдері бар.

20. «Том ағайдың балағаны» (Гарриет Бичер Стоудан. Гарриет 1812 жылы туып, 1866 жылы өлген дейді.

21. «Бәйшешек бақшасы» (Бұл шығармасында өлеңдері, қара сөздері, және басқа да әңгімелері бар).

22. «Асархидон – Лаэли» (Толстойдан).

23. «Үш сауал» (Толстойдан).

24. «Криз патша» (Толстойдан).

25. «Ұждан» (Күн шығыс жүз әңгімесінен).

26. «Қол шатыр бұйрығы» (Күн шығыс жүз әңгімесінен).

27. «Пан-жи-зан-хан» (Күн шығыс жүз әңгімесінен).

28. Хафиздан аударған 288 жол өлеңдер. Бұл он түрлі өлеңнің біреуі «Абай» журналына басылған. Ал біразы Тәжік Академиясының шығаратын журналына бертінде басылған.

29. Мысал өлеңдері.

30. Нақыл сөздері.

31. Жұмбақтары.

32. «Жайлаудың баласымен айтысы» (22 жасында жазылған).

33.  «Шал мен кемпірдің ғашықтығы» (поэма).

34. «Өмірбаяны» (өлең).

35. «Үш анық» (философиялық әңгіме).

36. «Жан мен тіршілік туралы» (философиялық әңгіме).

38. Мен білетін 30-ға тарта әндері бар.

39. Көп ұсақ өлеңдері.

40. Мен шала білетін «Бозторғай» атты күйі.

41. Ескі сөздер.

Шәкерімнің басталып, бітпей қалған жазбалары: «Абай өмірі», «Қазақ лұғаты», «Құран аудармасы», «Адам баласының шын бақытты өмір сүруі» жайлы әңгіме.

Ахат Шәкәрімұлы

Әкейдің бір әдетін көрдім. Бір істі істеп отырып, басқа бір істі істеп отыратынын байқап: «Екі істі бір мезетте қалай атқарасыз?» – деп сұрадым. Сонда әкей айтатын: «Дағдыланған ой негізгі қажетті түйіннен айрылмайды. Ал, қосымша істелетін іске ойланбай, жай қарап, қол қимылымен істей беруге болады. Мен негізгі бір ойды ойлап, не істеп отырғанда басқа дыбыс, не сөзге көңілім алаңдамайды. Оған адам ысыла келе үйреніп кетеді» – дейтін.

Ахат Шәкәрімұлы

Әкей көп жантаймайтын еді. Жантайып жата кеткен бізге: «Жантаюеріншек жалқаулықтың бір түрі» – дейтін. Атқа тік отыратын, ерден көп қозғалмайтын.

Өлең айт дарын өрге өрлегендей,

Сезімді қозғап, тәтті ой кернегендей.

Жанды сөз бойды ертіп, маужыратып,

Әлдилеп жыр бесігі тербегендей.

 

Қауымның қалауына тап келгендей,

Болғанын, болашағын айт көргендей.

Керістен тартып жырды жебелі оқтай,

Дәл тигіз қалағандай қас мергендей.

 

Сүйсініп ақынға елі мән бергендей,

Өлеңмен өміріне мән бергендей.

Қадалып жүрегіне ақ қанжардай,

Оятсын ой күйезді жан бергендей.

Шәкәрім

Әкейдің кітапханасы жайында

 

...Сол кезде мен әкейдің кітапханасындай мол кітаптары бар кітапхана көрмедім. Бұл мол кітаптарды абдыра, жәшіктерге салдырып, ел қыстаудан көшкенде бір бөлмеге қалатып қойғызатын. Оған ешкім тимейтін. Жылда бір рет тазарттырып отыратын. 1918 жылы мен осы кітаптарды тазаластым. Отау үйлер малмен көктемде бауырға көшіп кететін. Әкей, үй-ішімен біздер ел сыртқа шыққанша қыстауда болатынбыз. Бір күні әкей кітаптарын тазалаттырып, маған тізімге алдыртты. Әкей айтып отырды, мен кітаптардың авторларын, шығармаларын жазып отырдым. Үш күнде тізімді жазып зорға бітірдік. Кітаптардың молдығы сондай, авторлардың бар томдарының аттарын жекелеп жазып шығуға мүмкіндік болмады. Мысалы, «Мың бір түннің» барлық томдары болатын. Оларды біз «Мың бір түн» бар деп қана жаздық. Сонда менің байқағаным, есімде қалғандары, діни кітаптардан: Құран, Інжіл, Таурат, Забр, Мұхтасар, Нақу, Бидал сияқты кітаптар. Солардың аудармалары, әр тілдегі тәпсірлер. Будда, Зарадұш діндері жайында жазылған кітаптар. Тарихқа келсек: Табари, «Тарихи ғұмұмн», «Тарих Ғусмани», «Тарих інтишарислам», Нажим Ғасымбектің «Түрік тарихы», Әбілғазы Баһадүрдің   шежіресі, Радловтың Ойгұр туралы шежіресі, Аристовтың түрік нәсілі туралы жазған шежіресі. Түріктің ең ескі замандағы кітаптары – Құтадғу білік,   Кушучидам, Қытай тарихшысы – Юан-шау-ми-шидің шығармасы.  Араб, фарсы, рум, грек, европа тарихшыларының шығармалары сияқты кітаптар. Философия жайлы: арғы замандағы араб ойшылы Абусуфиянның, «Хуррият» туралы кітабы. Аристотель, Платон, Сократ, Әбунасыр Ибн-Сина, Ұлықбек, Шопенгауэр, Кант, Луи Пастер сияқты философтардың кітаптары. Әдеби кітаптар туралы: Гомердің поэмалары, Бичер Стоудың шығарма кітабы («Том атайдың балағаны»), Байрон, Щедрин, Крылов, Гоголь, Некрасов, Пушкин, Лермонтов, Толстой, Фердауси, Науаи, Сағди,  Низами, Физули сыяқты басқа елдердің де ақын, жазушыларының кітаптары.

  Әр елдің ертедегі эпостық кітаптары, мақал, мәтел, мәнілі сөздері жазылған кітаптар. Біліми фәндерден: алгебра, геометрия, физика, химия, астрономия, география, анатомия психология кітаптары. Араб, түрік тілдеріндегі нота кітаптары болған. Араб, фарсы, түрік тілдеріне аударылған әр елдің сөздіктері, әдеби шығарма кітаптары. Бұлардан басқа да әр жерден алдырып тұратын газет, журналдары болған. Бұларды тізімге жаздырған жоқ. Өте қымбатты, әрі ойшыл, әрі ақын, әрі жазушылардың шығармаларын  оқығанда, олардың кітаптарының шетіндегі екі елідей, ақ қалған жеріне сол ойшыл, ақын, жазушылар жайында жазған бағалы сөздері, пікірлері бар еді. Әкей бес тілді жетік білген адам. Ол араб, фарсы, шағатай, түрік, орыс тілдері еді. Сол тілдерді жақсы білу арқасында, жер көлеміндегі елдердің тілдерінде жазылған шығармалармен оңай танысқан.

  «Осы мол асыл қазына кітаптар қайда? Қайда кетті?» – дейсіздер ғой. Сіздердің де, менің де жанымды жеп, жүрегімді күйдіретін, мәңгілік арман боп, ауыр тиетін жағдай, 1931 жылы қораларды, тамдарды бұзып, ағаштарын, тақтайларын алғанда, ол кездегі жанама жандайшап, санасыз адамдар бар кітаптарды далаға үйіп, түп-түгел өртеп жіберген!...

Аристотель

(б.з.б. 384-322)

ежелгі грек философы.

Платон (б.з.д. 427 — 347) — ежелгі грек философы

Сократ

(6.3.6.469-399)  

ежелгі грек философы

Әбу Наср Мұхаммед ибн Тархан Әл-Фараби

(870-950 ж.ш.)

Қазақтың  ұлы ғалымы, ойшыл, философ, социолог, математик, физик, астроном, логик, лингвист, музыка зерттеушісі

Фирдоуси Әбілқасым

(940 ж.ш. -1020-1030 ж.ш.)

парсы-тәжік халқының ұлы ақыны

Науаи Низамаддин Мир Әлішер, Әлішер Науаи

(1441-1501)

өзбек халқының ұлы ақыны

Низами Гәнжауи, Ілияс ибн Жүсіп Низами

(1141 – 1209)

азербайжан ақыны

Физули Мухаммед Сулеймоноғолы (1494-1556)

 азербайжан ақыны

Ғибрат алар артыңа із қалдырсаң

Шын бақыт – Осыны ұқ,

Мәңгілік өлмейсің!

Ғылымсыз адам – айуан,

Не қылсаң да ғылым біл.

Ғылымға да керек жан,

Ақылсыз болса, ғылым тұл.

  Көптеген кедергілерге қарамастан Шәкәрім Құдайбердиев өлендерінің топтамасын орыс тілінде жариялап өмірбаянын жазып, белгілі жазушы ғалым М.Мағауин үлкен адамгершілік, батылдық жасады. Ақын мұрасын халық қазынасына айналдырудың қажеттігі туралы белгілі жазушылар Ә.Әлімжанов пен Ә.Нүрпейісов «Литературная газетада» жарияланған мақалаларында жазды.

Ә.Тәжібаев

«Жәрдем» баспасында басылып шыққан

«Еңлік-Кебек» поэмасының бірінші беті

(1912)

Нартайлақ пен Айсұлу

Қалқаман-Мамыр

Мұсылмандық шарты

«Түрік, Қырғыз, Қазақ һәм хандар шежіресі»,

Орынбор. 1911

Қазақ айнасы